Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/p.testim.kz/intern.p.testim.kz/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.137): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/p.testim.kz/intern.p.testim.kz/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

 

"Білім негізі - Бастауыш"

Сыныбы: 0 "А"

Сынып жетекшісі: Жұмаш Мәдина Сәбитқызы

4 наурыз күні 0 "А" сыныбында "Әріптер әлемі негіздері" пәнінен "Н" дыбысы мен әрпі тақырыбында анимациялық сабақ өткізілді.

Сабақты "Шаттық шеңберінде" тұрып, үш тілде өлең айтумен және жылы лебіз білдірумен бастады.

"Раушан", "Түймедақ", "Қызғалдақ" гүллері арқылы топқа бөлінді.

Сабақ мақсаты толық айқындала отырып, барлық дайындалған топтық және жеке жұмыстар жүргізілді. Интербелсенді тақта арқылы барлық тапсырмалар берілді.

Топтық жұмыстарын өзара және жеке бағалау жұмыстары жүрді, сондай-ақ сергіту сәті бимен өткізілді.

Сабақ соңын қорытынды сұрақтар қою арқылы және балаларды бағалау мақсатында смайликтер берілді.

 

 

 

 

 

Абылай Хан атындағы 140 қазақ мектебінде "Мерген ару - 2022" атты мергендер сайысы өтті.

Мектептің 10 сынып қыз балалары қатысқан сайыстың негізгі мақсаты нәзік жанды арулардың әскери жаттығудағы ұқыптылығы мен жылдамдығын тексеру. Мектеп қыздары білімділіктерімен қатар әскери жаттығуға да епті екенін көрсетті. Айта кетейік, мектебіміздің Алғашқы әскери дайындық мұғалімі Жүсіпов Нұрым. Аталған шарада "Жас Сарбаз" үйірмесінің мүшелері әскери жаттығу тапсырмаларын көрсетіп тәнті етті.

Сайысқа қатысқан қыздарды мектеп директоры арнайы марапаттады. Рустемқызы Ақерке

Ербаева Қымбат

Қадыр Дана, Муслимова Диана, Маеат Нұрсая, Абдулсовет Айсәуле.

"БІЛІМ НЕГІЗІ - БАСТАУЫШ"

Сынып жетекшісі: Пауадинова Назгүл Пауадинқызы

3 наурыз күні 3 «Г» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Ауырлық күші дегеніміз не?» тақырыбында зерттеу сабағы болып өтті.Үй тапсырмасын элективті тест әдісі арқылы қорытындылап,жаңа сабақ дене шынықтыру пәнімен байланысып, балалар жаңа сабақтың тақырыбын ашты.Яғни, жеңіл, ауыр зілтемірлерді салыстыру арқылы салмақтарының екі түрлі екенін аңғарды. Сабақ тақырыбына сай топтарға бөлінді.Сабақ барысында зерттеу жұмысы жүргізіліп, топтық, жұптық тапсырмаларды орындауда өз белсенділіктерін танытты.

Әр тапсырма бойынша бағалау жүргізілді.

Сабақ соңында кері байланыс жасалып, көңілді әуенмен аяқтады

 

"Білім негізі - Бастауыш"

Сыныбы: 0 "Ә"

Сынып жетекшісі: Әлжан Ұлбосын Раматуллақызы

2 наурыз күні 0 "Ә" сыныбында Сауат ашу негіздері пәнінен "Б" дыбысы мен әрпі тақырыбында анимациялық сабақ өткізілді.

Сабақты үш тілде сәлемдесіп, "Шаттық шеңберінде" тұрып, үш тілде өлең айтумен басталды және жылы лебіз білдірумен басталды.

"Бәйтерек", "Балапан", "Ботақан" сөздері арқылы топқа бөліне отырып, хатқалта ішіндегі суреттерді құрастыру арқылы толық мәлімет берілді.

Сабақ мақсаты толық айқындала отырып, барлық дайындалған топтық және жеке жұмыстар жүргізілді. Интербелсенді тақта арқылы барлық тапсырмалар берілді.

Топтық жұмыстарын өзара және жеке бағалау жұмыстары жүрді, сондай-ақ сергіту сәті бимен өткізілді.

Сабаққа қатысып отырған білікті мұғалімдерге "Б" әрпіне байланысты балаларға ыстық лебіздерін айтуға тапсырма берілді.

Сабақ соңын қорытынды сұрақтар қою арқылы және балаларды бағалау мақсатында бауырсақ берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"БІЛІМ НЕГІЗІ - БАСТАУЫШ"

Сыныбы 3 “Д”

Сынып жетекшісі Тұрсынова Анар Серікқызы

3 наурыз күні 3 “Д” сыныбында қазақ тілі пәнінен “Сын есім” тақырыбы бойынша мотивациялық сабақ өткізілді.

Мақсаты: Сын есім дегеніміз не екенін анықтау. Сын есімдерді табу, мәтінді талдауды, тапсырмалар арқылы өздігінен ой қосуды үйрену.

Сабақ барысында “Сиқырлы сандар”, “Қолшатыр “, “Коллаж әңгіме” әдістері қолланылды.

АКТ құралдары тиімді пайдаланылды. Сабақ өте қызықты өткізілді.

Ойын арқылы сабақ қорытындыланып, кері байланыс жасалды.

 

 

 

 

Сыныбы: 1"В"

Сынып жетекшісі: Әбдіқалиева Жарқынай Байжігітқызы

Пәні: Ана тілі

Тақырыбы: "Мәтін. Саусақ жаттығулары" танымдық сабақ

МАҚСАТЫ:Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен арқылы ойды ым-ишара арқылы қимыл көрсету.

Coogle форм арқылы өткен сабақты ұялы телефоннан тест тапсырмасы орындалды.

Саусақ жаттығулары өлең шумақты QR арқылы тыңдалым және сандар реті арқылы Сөздік диктант орындалды.

Мектеп дефектологы Сейтжапбарова Қарлығашпен тыныс алу және тіл,ми дамыту нейрожаттығу, саусақ жаттығулары жүргізілді.

Мақсатқа бағытталған топтық, жұптық,жеке жұмыстар жүргізілді.

Оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс жүргізілді.

 

 

Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні психология апталығы аясындағы "Бояулармен сырласу" арт-терапиясы өтті

Никтография-жіппен сурет салу, бұл дәстүрлі емес әдістің бір түрі. Оның көмегімен оқушылар ерекше қолөнер түрлерін жасай алады және олардың барлығы да оқушының шексіз қиялында пайда болады. Сонымен қатар өз сезімдерін талдауға үйренеді.

Негізгі мақсат

Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту және көркемдік шеберлік пен эстетикалық талғамға баулу.

Жіппен сурет салу оқушылардың бейнелі ойлауын дамытып қана қоймай, қандай да бір дәстүрлі емес жағдайларға шығармашылық көзқараспен қарауға көмектеседі. Мұндай өнер табандылыққа, шыдамдылыққа, өзін өзі басқаруды үйренуге көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

ҒЫЛЫМИ ТАНЫМДЫҚ КІРІКТІРІЛГЕН сабақ

"Алып та анадан туады" – деп бекер айтпаса керек-ті дана бабаларымыз. Осы бір ауыз сөздің өзі-ақ "ана" деген құдіреттің қандай екенін көрсетіп тұр. Әлемде қанша мейірім атаулы болса да, сонша мейірім ананың баласына деген кішкене мейіріміне жете алмайды. Ол – құдірет! Ол – шексіз махаббат! Ол – ғаламат сезім!

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының коворкинг орталығында Абылай хан атындағы № 140 қазақ орта мектебінің 6 “А” сынып жетекшісі Сатыбалдиева Гүлмира «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, «Оқуға ұсынылған 100 кітап» жоба негізінде танымдық сабақ өткізді. Сабаққа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі А.Оспанова, мектеп кітапханашы М.Бегманова қатысты. Олар жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкейдің өмірі және шығармашылығымен танысты.

8-наурыз халықаралық Әйелдер мерекесіне орай өткізілген сабаққа «100 кітап» жобасы және қазақ тілі мен әдебиет, тарих пәндері кіріктіріліп, жазушының "Апамның астауы" атты әңгімесіне ерекше тоқталды. Оқушылар шығарманың үзінділерін сезіммен оқыды. Шығарма арқылы адамның жан-дүниесіндегі анаға деген құрметі және анаға деген махаббатын сезінді.

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ

Абылай хан атындағы № 140 орта мектебінде 2022 жылдың 2 наурыз күні құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс кестесі бойынша

"Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның" 2021 жылдың 21 желтоқсандағы № 4 отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Профилактикалық шараға 8-11 сынып окушылары қамтылды

 

 

 

 

 

 

«БІЛІМ НЕГІЗІ- БАСТАУЫШ»

Сыныбы: 1 "Б"

Сынып жетекшісі: Айнура Жалиева Айбергенқызы

2 наурыз күні 1 «Б» сыныбында дүниетану пәнінен «Елімнің мемлекеттік рәміздері»

тақырыбында саяхат сабақ өткізілді.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату.

Сабақ шаттық шеңберінде жылы лебіздер айтудан басталып, психологиялық ахуал құрылды.

Саяхат сабағында жас ерекшелігіне сай топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізілді.

Заман талабына сай АКТ құралдарын пайдалану арқылы жүргізілген сабақ қызықты өтті.

Сабақ жоспары пәнаралық байланыс, сергіту сәті, бағалау түрлері жаңартылған бағдарлама негізінде құрылған.

Әр жұмыстан соң өзара және топтық жұмыстарын бағалау жұмыстары жүргізіліп, бағаланып отырды. Ойын арқылы сабақ қорытындыланып, кері байланыс жасалды.

 

 

 

 

 

Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні "Жаңашылдық-заман талабы" атты психология апталығы аясында #Hand_made тақырыбында оқушылармен арт-терапия өткізілді. Арт-терапияның негізгі мақсаты

Бойыңдағы қорқыныш пен үрейден арылу;

Қиялдағы көріністерді би, ән, сурет арқылы жүзеге асыру;

Рефлексті анализ: жұмысыңмен таныстырып, сезімдермен бөлісу.

"Hand made" арт-терапиясы білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өнердің қыр-сырын жан-жақты үйреніп, баланың сурет салу дағдысын, ойлау, елестету қабілеттерін ашу, өзге достарын тыңдап, олардың өнерін тамашалау қабілеттерін арттырады.

Арт-терапия бұл тек емдеу ғана емес, ол тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі және кез келген жағдайды шешуге көмек. Сонымен қатар өнер арқылы емдеудің табиғи әрі қолайлы әдісі болып табылады. Арт-терапия шектеусіз. Әр адам өзінің сезімі мен ішкі жағдайын шығармашылық арқылы көрсете алады.

 

Жаңашылдық-заман талабы

Мектеп оқушылары күнделікті өмірде түрлі топтармен, өзге ортамен араласа отырып қарым-қатынас жасайды. Ал оқушылар қарым-қатынасының негізгі объектісі - олардың ұйымшылдығы мен бірлігі, ортақ психологиялық ахуал, әрбірінің көңіл-күйі, мақсат-мүддесі әлеуметтік-психологиялық ортада өзекті жайт ретінде қарастырылады.

Мектебімізде 28 ақпан мен 5 наурыз аралығында жүргізілетін «Жаңашылдық-заман талабы» тақырыбында психология апталығы бастау алды. Аталмыш психологиялық апталықтың мақсаты

Білім беру мекемелерінде оқушылардың психологиялық саулығын сақтау және нығайту бойынша жағдай жасау;

Оқушылар мен мұғалімдердің психологиялық құзыреттілігін арттыру;

Бір-бірімізге көтеріңкі көңіл- күй сыйлау

Апталық жоспарына сәйкес аптаның әр күні арнайы тапсырмалар мен позитивті көңіл - күй сыйлайтын "Қолайлы орта", "Шығармашылық аймақ", "Жайлы демалыс" бағыттары бойынша ойындар, тренингтер ұйымдастырылады. Апталықтың алғашқы күнінде әр баланың қимыл-қозғалысын белсенділігін арттыру, ұжымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу мақсатында сыныптарда «Алақандар» акциясы өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"БІЛІМ НЕГІЗІ - БАСТАУЫШ"

СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС

Сыныбы: 4"Б"

Сынып жетекшісі: Омарқұлова Жадыра Шайхықызы

Тақырыбы: "MAGIC NUMBERS" (Сиқырлы сандар)

Мақсаты:

оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, математикаға қызығушылығын арттыру, табандылыққа, еңбексүйгіштікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілі: "Шапалақ" әдісі, "Шаршы шапшаңдығы"